2022-2023 оқу жылында өздерінің білімдерімен көзге түсіп, жүйріктердің арасынан үздік шыққан мектебіміздің мақтаныштары туралы айтпау мүмкін емес. 5 “Б” сыныбы оқушысы Бек Данил 2-7сыныптар аралығында өткен “ Зерде” республикалық зерттеу жобаларыны конкурсының аудандық кезеңінің ІІІ дәрежелі дипломымен, сонымен қатар “Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ ұйымдастырған “Ұлы халықтың Ұлы Абайы” атты поэзия байқауының ІІІ орын иегері атанды.
Ал, 6-сынып оқушысы Жаныбекова Ассоль “ Оқуға құштар мектеп” мұғалімдер мен оқушылар арасында өткен олимпиада да І орын, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ ұйымдастырған “Ұлы халықтың Ұлы Абайы” атты поэзия байқауының дипломмен маратпатталды. Сонымен қатар 5-6 сыныптар арасында республикалық пәндер олимпиадасында аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен І орын алып мектебіміздің абыройын асқақтатты. 6-сыныпта Муратова Жасмин Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ ұйымдастырған “Ұлы халықтың Ұлы Абайы” атты поэзия байқауының дипломымен марапатталды.




